Шымкент
Экологиялық білім
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында EcoSana сенбілік акциясының 4 кезеңі Әл-Фараби ауданы Сәуле шағынауданының Жаңабазар көшесі (Әскери бөлімше) аумағында өтті.
Акцияның мақсаты жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстау, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Тазалық іс-шарасына қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар, Қоғамдық келісім, Жастар орталығы қызметкерлері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан құралған 17 команда жасақталып, 200-ге жуық белсенді жас қатысты.
Сондай-ақ акция барысында Сәуле шағынауданының аумақтарында қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтарын шығару және тазалық жұмыстары жүргізілді.
Cенбілік акциясы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі