Қоғам
Бұл менің соңғы жекпе-жегім.
Хабиб Нұрмагомедов UFC турниріндегі чемпиондық атағын қорғаған соң мәлімдеме жасады. Спортшы өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын жеткізді деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
«Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Маған UFC басшылары қоңырау шалып, Джастинмен төбелесетінімді айтқанда, анаммен үш күн бойы ақылдастым. Ол кісі әкем жоқта төбелескенімді қаламады. Бұл менің соңғы айқасым болатынына уәде бердім. Уәде берген соң оны орындаймын. Бүгін UFC турнирімен қоштасамын», – деді Хабиб.
Сондай-ақ спортшы UFC басшылары мен бапкерлеріне, командаластарына алғысын жеткізді.
«Барлықтарыңызға рахмет! Бір ғана айтарым – жақындарыңыздың жанында болыңыздар!», - деп сөзін аяқтады чемпион.
Айта кетейік, бұл кездесуде ресейлік спортшы белбеуін үшінші рет қорғады. Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжидің кездесуі Абу-Даби қаласындағы UFC 254 турнирінде өтіп, екінші раундта аяталды. Нурмагомедов қарсыласын "үшбұрыш" әдісіне салып, жеңді.