Қоғам

Қазақстаннан шетелге ұшатын рейстердің кестесі жарияланды

Халықаралық авиарейстер 11 елге орындалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

26 қазаннан бастап Қазақстан қалаларынан орындалатын халықаралық рейстердің кестесі жасалды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Халықаралық авиарейстер 11 елге (Түркия - 33 жиілік, Оңтүстік Корея -2 жиілік, Нидерланды - 2 жиілік, БАӘ - 16 жиілік, Беларусь - 4 жиілік, Германия - 4 жиілік, Украина - 1 жиілік, Өзбекстан - 2 жиілік, Мысыр - 2 жиілік, Қырғызстан - 2 жиілік, Ресей - 2 жиілік) аптасына 70 рейс жиілігімен 20 маршрут бойынша орындалады:

1) Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Fly Dubai - аптасына 3 рет);

2) Алматы – Дубай – Алматы (Эйр Астана – аптасына 5 рет, Fly Dubai – аптасына 5 рет);

3) Нұр-Сұлтан – Франкфурт – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана-аптасына 3 рет);

4) Орал – Франкфурт – Орал (Эйр Астана – аптасына 1 рет);

5) Нұр-Сұлтан – Минск – Нұр-Сұлтан (Белавиа - аптасына 4 рет);

6) Алматы – Киев – Алматы (Эйр Астана - аптасына 1 рет);

7) Алматы – Сеул – Алматы (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Asiana Airlines - аптасына 1 рет);

8) Атырау – Амстердам – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет);

9) Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Сұлтан (SCAT/Эйр Астана – аптасына 1 рет);

10) Алматы-Шарм-Эль-Шейх – Алматы (SCAT/Эйр Астана - аптасына 1 рет);

11) Алматы – Ыстамбұл – Алматы (Эйр Астана – аптасына 7 рет, Turkish Airlines – аптасына 5 рет, Pegasus Airlines – аптасына 3 рет);

12) Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 3 рет, Turkish Airlines - аптасына 3 рет);

13) Атырау – Ыстамбұл – Атырау (Эйр Астана – аптасына 2 рет);

14) Шымкент – Ыстамбұл – Шымкент (SCAT – аптасына 2 рет);

15) Ақтау – Ыстамбұл – Ақтау (SCAT – аптасына 3 рет);

16) Алматы – Анталья – Алматы (Эйр Астана – аптасына 2 рет, SCAT – аптасына 1 рет);

17) Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 2 рет);

18) Алматы – Ташкент – Алматы (Эйр Астана – 1 жиілік, Uzbekistan Airways-1 жиілік);

19) Алматы – Бішкек – Алматы (Эйр Астана - аптасына 2 рет);

20) Нұр-Сұлтан – Мәскеу – Нұр-Сұлтан (Эйр Астана – аптасына 1 рет, Аэрофлот – аптасына 1 рет).