Спорт
Төрешілердің бұра тартқан төрелігі әсер етуі мүмкін
Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшының "бокстан кетуі мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді,-деп Bugin.kz BoxingScene басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Геннадий Головкин (38-1-1,34 КО) WBC, WBA (Super), IBF белдіктерінен 15 қыркүйек күні Сауль Альвареспен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіліп, беріп қойған болатын. Алайда Том Леффлер екі кездесудің де нәтижесі бойынша Геннадий Головкиннің жеңгенін айта келіп, боксшының бокстан кетуіне төрешілердің бұра тарта берген шешімдері әсер етуі мүмкін деген ойға келді.
Айта кету керек, GGG WBС арқылы қалайда болмасын Канеломен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыруын сұраған. Қазір бұл жекпе-жектің өтуіне Гена бар күшін салып жатыр.