Қоғам
Ескерткіш рұқсат құжаттарынсыз орнатылған.
Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш орнату тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Ескерткіш рұқсат құжаттарынсыз орнатылған. Енді авторлар жобаны комиссия алдында қайта қорғауы керек.
"15 қазанда Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың ескерткішін орнату жөніндегі барлық тиісті құжаттар тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссиямен қаралып, мақұлданды. Содан кейін барлық тиісті құжаттар Нұр-сұлтан қаласына монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі Қазақстанның мемлекеттік комиссиясының қарауына жіберілді.
20 қазанда әлеуметтік желілерден Мемлекеттік комиссияның шешімін күтпей-ақ, Д.Қонаевқа ескерткіш орнатылғаны белгілі болды.
21 қазанда жұмыс тобы құрылды, бұзушылықтарды анықтау үшін Балқаш өңіріне барды. Барлық жауапты тұлғаларды, соның ішінде мүсіншіні жинап, жұмыс тобы ескерткішті орнату бойынша барлық құрылыс жұмыстарын тоқтатты, сондай-ақ ескерткіш бойынша барлық ескертулерді екі апта мерзімде жоюға нұсқау берілді.
Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі Қазақстанның мемлекеттік комиссиясы бұл ескерткіштің барлық тиісті құжаттарын қарастырып, мақұлдамады. Өз кезегінде Балқаш ауданының әкімдігі тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қарауына құжаттар мен эскиздік жобаларды қайтадан ұсынуы тиіс", - деп хабарлады Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.