Әлем жаңалықтары
Бесінші күн қатарынан Польшада аборт жасаудың қатаң заңдарына қарсы жаппай наразылық акциясы өтті.
Бесінші күн қатарынан Польшада аборт жасаудың қатаң заңдарына қарсы жаппай наразылық акциясы өтті. Варшавада көпшілік жолдарды жауып тастады, - деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платоформасы.
Әйелдер құқығын қорғаушылар арасындағы ұйымдастырушылардың айтуынша, 26 қазанда қалада 150-ге жуық наразылық шаралары өтті. Варшавада шерушілер қарбалас үстінде бірнеше көше қиылыстарын жауып тастап,олардың көпшілігі үкіметтің қысқартылуға кетуін талап етті.
Польшалық басылымдардың хабарлауынша, полиция билікті қолдаушылардың наразылық білдірушілермен қақтығысуына жол бермеген. Ұрып-соғудың алдын алу үшін тәртіп сақшылары бұрыш газын қолданған. Краковта наразылық шаралары «Бұл соғыс» ұранымен өтті.
22 қазанда Польша «құрсақта жатқан сәби жетілмей немесе ауруға душар болған жағдайда аборт жасатуға мүмкіндік беретін заңды антиконституциялық деп жариялады. Сол күні Варшава көшелеріне мыңға жуық адам шықты
«Шешім (Конституциялық Соттың шешімі- ред.) түсік жасатуға толық тыйым салуды білдіреді, өйткені Польшада заңды түрде жасанды түсік жасатудың 98 пайызы ұрықтың даму ақауларына байланысты жүзеге асырылады», - деді «Әйелдер және отбасын жоспарлау федерациясы» поляк үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кристина Катцпура.
Конституциялық соттың шешімін Польша Президенті Анджей Дуда, сондай-ақ поляк католик шіркеуінің ең жоғарғы иерархтары қарсы алды,- деп хабарлайды DW.
Польшада аборт жасау туралы заңнама ең қатал заңдардың бірі болып саналады. Әйелдің өміріне қауіп төнсе немесе зорлау нәтижесінде жүкті болып қалған жағдайда түсік жасатуға рұқсат етіледі.