Қоғам

"Борат" неге Қазақстанды таңдады

Бұл комедия, фильмнің Қазақстанға қатысы жоқ.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Британдық комик Саша Барон Коэн "Борат" және "Борат-2" фильмінде неге Қазақстан атын пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Сценарий авторы мен атышулы фильмнің басты кейіпкерінің түсініктемесін The New York Times жариялады.

"Бұл – комедия, фильмнің Қазақстанға еш қатысы жоқ. Қазақстанды АҚШ-та ешкім білмейтін болған соң таңдадым. Соның арқасында ерсі, комедиялық, жалған әлемді көрсете алдық. Нағыз Қазақстан – заманауи, абыройлы қоғамы бар, Бораттың нұсқасына қарама-қайшы тамаша ел", – деді Коэн редакцияға электронды пошта арқылы жолдаған хатында.

Саша Барон Коэн Қазақстанға туристерді тарту үшін түсірілген жарнамалық видеоға қатысты осындай пікір білдірді. 

Айта кетейік, бұған дейін "Намыс" патриоттық бірлестігі Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығына "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы петиция жіберген болатын. Консулдық Америка Құрама Штаттары үкіметінің бұл фильмді қаржыландыруға, өндіруге немесе шығаруға ешқашан қатыспағанын мәлімдеді.