Әлем жаңалықтары
3 күнде 17 млн рекордтық қаралым жинаған влог: ішінде ойыншықтары бар "сиқырлы үлкен көк жұмыртқа" болып тұр.
Сегіз жасар бала АҚШ-та былтыр 22 миллион доллар тапқан ең жоғары ақылы видео-хостинг блогеріне айналды. Ол өзінің YouTube каналында ойыншықтарға бейне шолу жасайды.
Forbes-тің хабарлауынша Райан және оның Ryan ToysReview каналы ең көп табыс тапқан жас блогер болып жарияланды. Күн сайын Райанның ата-анасы ойыншықтарға бейне шолу түсіреді. 3 күнде 17 млн рекордтық қаралым жинаған влог: ішінде ойыншықтары бар "сиқырлы үлкен көк жұмыртқа" болып тұр.
Райан Каджи өз арнасын 3 жасында бастады. Камераға жаңадан алған ойыншықтарын ашып, таныстырумен айналысты. Оны танымал еткен бейне 100-ден астам Pixar "Көліктер" қорабын ашып, қарап шығады.
2015 жылы ашылған каналда қазір 20 млн-нан астам оқырмандары бар. Жалпы қаралым саны 31 млрд-тан асады. Табысының көп бөлігі бейне кезінде көрсетілетін жарнамалық роликтерден түседі. Райанның табысы салық төлемін қоспағанда былтырғы жылдан екі еселенген. Бейне жарнама түсіру үшін дүкендер ойыншықтарды тегін беріп отырады.
Ол жарнамалаған ойыншықтар дүкен сөрелерінен тез арада сатылып кетеді. Қазіргі таңда көптеген ойыншық шығарушылар мен дүкендер келіссөздер жүргізуде. Әлемдегі ең үлкен көтерме және бөлшек сауда желісі Walmart "Ryan's World" деген атаумен ойыншықтар мен киімдердің эксклюзивті түрін шығара бастады. Райан мен ата-анасының Walmart дүкенінен өз ойыншықтарын іздеген бейнесі 3 айда 14 млн қаралым жинаған. Walmart-пен жасаған келісімнен кейін Райанның табысы одан әрі еселенбек.
NBC-дің неге балалар оның видеосын қарағанды ұнатады деген сұрағына Райан: "Өйткені мен өте көңілдімін" деп жауап берген. Райан қазір кәмелет жасқа толмағандықтан табысының 15% банктегі есепшотына түсіп отырады. 18 жасқа толғаннан кейін есепшотындағы ақшаны алады.
Райан Nickelodeon-да шоуда ойнады және Hulu стримингтік қызметімен келісім жасады. Теледидарға Ryan’s Mystery Playdate атты 20 бөлімді шоу шығарды.
Pew Research Centre-дің зерттеуі бойынша YouTube хостингінде басқа топ блогтарға қарағанда, балаларға арналған бейнелер үш есе көп қаралым жинайды.
Сая Серік