Қоғам

Кішкентай Нұрғали Нүсіпжанов дүние есігін ашты ма?

83 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды деген жаңалық белең алуда.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Еліміздің мәдениет өкілдері мен эстрада жұлдыздары өз араларында Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің ұлды болғанын айтып, хабар алмасып жатыр,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Атаулы әнш осыдан тура бір жыл бұрын ақ некесін қиып, қазақ еліне дүркіретіп той жасаған болатын. 

Журналистер де мейрамда қолдарын қалт жібермей, жас жұбайларға өз сұрақтарын жаудыртқан еді. Соның біріне Нүсіпжанов ұлды болса, арманы болмасын айтып қалған. Міне, аталмыш арманы орындалған іспеттес.

Шығармашылық өкілдері арасында Жадыра ханымның ұл босанғаны жайлы мәлімет белең алуда. Ал Нүсіпжановтың өзі бұл қуанышты жаңалықты растап, тіс жарып, ештеңе айтпады. 

"Paparazzi" бағдарламасы тілшілері ағамызды тауып, сұрақ қоя бастағанда, ол кетуге асықты. Тек "Бәрі дұрыс, көкем! Бәрі құтты болсын деп жатыр",- деп екі ойлы жауабымен қысқа қайырған болатын.