Қоғам

Қазақстанда қолма-қол ақша алуға шектеу енгізіледі

Екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасағанда салық төлеушілер бұл ақпаратты ескеруі керек.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалар үшін шоттан шешіліп, қолға берілетін ақша көлеміне шектеу енгізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы zakon.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Бұл "банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттік кірістер органдарына белгіленген лимиттен асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негізделген мәліметтерді ұсынатын екінші деңгейлі банктер мен ұйымдардың міндеттемесінде қарастырылған".

Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды ескере отырып, келесі шешімдердің бірі қабылданады:

- төмен тәуекел дәрежесі үшін - қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болмаған кезде;
- жоғары тәуекел дәрежесі бойынша - қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болатындығы туралы.

Екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасағанда салық төлеушілер бұл ақпаратты ескеруі керек, деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай ішінде кәсіпкерлік субъектілердің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасына келесі шекті сомалар бойынша белгіленді:

- 20 миллион теңге - шағын кәсіпкерлікке;
- 120 млн - орта бизнес үшін;
- 150 миллион - ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.