Атырау облысы

Мұнайлы өлкемізге мыңға жуық шетел азаматтары қандай мақсатпен келді?

Атырау облысына мыңға жуық АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан және Қытай азаматтары жұмыс жасау үшін келді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Жергілікті биліктің мәліметтері бойынша мұнайлы аймаққа жұмыс істеуге 348 қытай азаматтары келген.

Атырау облысына жұмыс жасау үшін қай ел азаматтары келгені анықталды,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ATPress.kz сілтемесімен.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, Атырау облысына шетелдік азаматтардың көпшілігі Ұлыбританиядан келген: британдықтардың саны 731 адамды құрайды. Олардың артынан АҚШ-тың 730 азаматы келіп, екінші орында тұрса, үшінші орынды Митхун Чакрабортидің жерлестері иеленіп отыр. Қазіргі уақытта  Үндістан азаматтарының саны 548 құрайды.

Қытайлықтар, ресми ақпарат бойынша, қазір бізде 348 адам бар.

Жалпы, облыстағы шетелдік азаматтардың саны өткен жылмен салыстырғанда 69% -ға азайды. Егер 2000 жылдардың ортасында облыстағы шетелдіктердің саны 60 мыңнан асса, қазір 23 122 адам ғана бар, олардың 18 мыңы ТМД елдерінің азаматтары.

Атырауға келген шетелдіктердің көп бөлігі  Ресейге тиесілі. 1985 ресейлік азамат бүгінде мұнайлы өңір қонақтарының басым бөлігін құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде шетелдік жұмысшылардың түнде Қарабатандағы ауысымдық лагерьге келіп жатқандағы туралы бейнеролик пайда болған болатын. Бейнеролик астындағы пікірлерге қарағанда, бұл Қытай Халық Республикасының азаматтары деседі.