Weekend

Macintosh алма сорты ма?

Apple

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Macintoshалма сорты ма?

Macintosh-атақты Аpple фирмасының компьютерлерінің бірі. Ең алғаш рет Mac жиырмасыншы ғасырдың 80-ші жылдары шығарылды. Джеф Раскин есімді қызметкер Apple компаниясында жұмыс істи жүріп, ол қарапайым қолданушылар үшін аса қымбат емес, бағасы қол жетімді, әрі ыңғайлы компьютер шығарғысы келді. Ол бұл құрылғыны өзінің сүйікті алма сорты Мекинтош деп атауды ұйғарды. Mac OS операциялық жүйесі 1990 жылдардан бастап ресми түрде қолданып келе жатыр. Бүгінгі таңда аталмыш компьютер тобының MacBook ноутбуктерін,сондай-ақ жоғары деңгейлі ноутбуктарын, ультрапортативті Mac Book Air ноутбуктерін, көптеген үстел компьютерлерін, жоғары деңгейдегі Mac Pro жұмыс станциясы сынды өнімдері жұмыс істейді.

Macintosh бірінші компьютерлері Motorola процессорларымен базасын қолданып,одан кейін оданда мықтырақ IBM Power PC процессорларымен, соңында Intel атты процессорлармен жабдықталды. Соңғы үстел компьютерлерінің серверлері 64 разрядты G5 разрядты процессорларымен, ал ноутбуктер 32 разрядты G4 процессорымен жабдықталды. Жиілігі жоғары және шағын жоғары да айтылған процессорларына Apple 2006 жылдан бастап көше бастады. Сонымен қоса осы процессорларды қолдана отырып, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктерге қол жеткізе отырып, Rosetta технологияларын қолданылды.

2006 жылдың соңына қарай барлық компьютерлер жаңа процессорларға көшірілді. Macintosh компьютерлік графикада, полиграфияда, дыбыс жазбаларда кең қолданылады.

Оның негізін қалаушы Джеф Раскин бұл құрылғыны өзінің сүйікті алма сорты Мекинтош деп қоймақшы болған, алайда бұл дыбыс қондырғыларын өндіретін McIntosh Laboratory компаниясының атауына ұқсас болғандықтан, заңды тұрғыда өзгерту керек болды. Бірнеше жылдың ішінде Раскин Macintosh пен MacOS операциялық жүйесін жасауға септігін тигізетін өндірушілер тобын жинады. Топқа өздеріңіз білетіндей Гай Кавасаки, Джоанна Хоффман, Сюзен Кэр сияқты өз ісінің білгірлері кірді.

Машинаның дизайны Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобстың қызығушылығын туғызды. Аталмыш машинаның нарықта үздік перспективасы бар екенін біліп, бар ынтасымен ол, осы жобаға кірісті. Программалық қамтудың, жүйелік және қолданбалы, оның ішінде Microsoft Office for Mac, Adobe Photoshop басқа да танымал программалардың ауқымды таңдаулары бар.

Әйткенмен, жоғары әрі, сәтті Microsoft Windows операциялық жүйесі Mac-ты артқа қалдырды. Бірақ та, дәл осы модель әлемге заманауи адамның компьютермен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті.