Қоғам
29 қазаннан бастап шетелдік кино прокатқа шығады.
Алматыда кинотеатр иелері билет бағасын 30 пайызға дейін өсірген. Кәсіпкерлер мұны кинозалдардың жартысы ғана толуымен түсіндіріп отыр, – деп хабарлады Almaty.tv.
Әкімдіктегілер кинотеатрларда барлық қауіпсіздік ережесі сақталатынын айтады: кіреберісте барлығының дене қызуы өлшенеді, дезинфекциялық кілемшелер төселеді. Әр залда санитайзерлер орнатылған, барлық қызметкер қорғаныс құралдарымен жұмыс істейді. Бактерицидті кварц шамдары да бар дейді ведомстводағылар.
“Киноға билет бағасының қымбаттауы әбден мүмкін еді. Орташа алғанда, олардың құны 20-30 пайызға өсті. Мысалы, егер бұрын кешкі сеанс 2400 болса, енді 600 теңгеге қымбат. Кәсіпкерлерді түсінуге болады. Төтенше жағдай режимі олардың бизнесіне кері әсер етті, ал әзірге аншлаг жасауға тыйым салынады”, – деді Әуезов ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Салтанат Бөпежанова.
Телеарна мәліметінше, әзірше прокатта көптеген отандық фильм бар, ал 29 қазаннан бастап шетелдік кино прокатқа шығады.