Қоғам

Қазақстанда доллар бағамы жоғарылауын жалғастыруда

Елімізде доллар бағамы өсіп, жоғарылап жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда доллар бағамы өсуде,- деп хабарлайды  bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы KASE деректеріне сілтеме жасай отырып.

29 қазандағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,59 теңгеге қымбаттап, 432,17 теңгені құрады.

Бұған дейін Ұлттық банк 29 қазандағы американдық валютаның ресми бағамын атады. Доллардың ресми бағамы 430,51 теңгені құрады.

Деректер бойынша Kurs.kz Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 433,45 теңге, ал сатып алу - 431,81 теңге.

Нұрсұлтан қаласының доллар  айырбастау орындарында орташа есеппен 433,49 теңгеден сатады, 432,38 теңгеден сатып алады.