COVID-19

Коронавирус инфекциясынан қанша адам ем қабылдауда?

29.10.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 201 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 287 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Стационарларда 2 289 науқас жатыр. 912 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 117 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы баспасөз-брифингте хабарлап тұрады.