Әлем жаңалықтары

Алматылықтар Боратты жерледі

Алматы тұрғындары петицияға қол қойып, АҚШ бас консулдығының алдында пикетке шықты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматылықтар АҚШ-тың бас консулдығының алдында "Борат-2" фильмінің көрсетіліміне қарсы пикетке шықты,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Наразылық шарасын "Адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету" қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.

"Америкадағы қазақтар қорланбасын", "Елтаңба, ту, мемлекеттік рәміздер біздің меншігіміз", "Нәсілшілдікті тоқтатыңыз", - деп наразалық білдірді жиналған топ.

Олар Бораттың суретін табытқа салып, үстіне АҚШ туын қойып жерледі. Егер Бораттың "қазақты қорламадым" деген сөзі рас болса, онда фильмді жойсын, - дейді наразалық білдіргендер.

"Борат" екі елдің арасына от салып, қазақтың намысына тиді. Біз қарапайым халықпыз. Кино түсіретін болса, қазақтың қонақжайлылығын, кең байтақ даласын көрсетсін", - десті жиналғандар.

Наразылық білдірушілер петицияға қол қойып, оны АҚШ-тың Алматыдағы елшілігіне тапсырмақ болды.