Шығыс Қазақстан облысы

Облыстардың біріне блокпосттар қойылады

Блокпосттар мен қатаң карантин шаралары облыстардың біріне қойылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Блокпосттар 1 қарашада Шығыс Қазақстан облысына кіре берісте орнатылады,- деп хабарлайды bugin.kz  тәуелсіз авторлар платформасы ВАК-қа сілтеме жасай отырып.


Хабарланғандай, бұл шара аймақтағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты: бір тәулік ішінде 139 науқас анықталды, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден асып, 683,6 құрады.


"Осыған байланысты Үкіметпен келісім бойынша 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап ШҚО аумағында облыстың сыртқы шекараларында блокпосттарды енгізе отырып, шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмірінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізіледі.

Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалда облыс басшылығы Өскемен мен облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚКО-лар жұмыс істейтін болады.  Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан барынша қорғауға тырысамыз", - деп сендірді ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев.