Шымкент

Шымкентте "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 6936 адам тұрақты жұмысқа орналасты

5000-ға жуық грант беру жоспарланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауов «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, жұмыспен қамту жол картасы және атаулы әлеуметтік көмек бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингінде осылай мәлімдеді.

Қасымбек Пернебекұлының айтуынша, биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы негізінде 25 531 адамды жұмыспен қамту іс-шараларына қатыстыру жоспарланған болатын. 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 24 366 адам жұмыспен қамту іс-шараларына қатысқан.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 196 адам тегін кәсіби білім алып, 2 820 адам «Бастау Бизнес» жобасы негізінде кәсіпкерлік негіздерге оқытылды.

Жыл басынан бері жалпы тұрақты жұмысқа орналасқан – 6 936 адам. 1 606 адам жаңа жұмыс орындарына, 338 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасса, 2 637 адам жастар практикасы, 4 837 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған.

Биыл 3 931  адам мемлекеттік грантқа ие болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп.

– Мемлекеттік грант алу бойынша жылдық жоспар 80 пайызға орындалып отыр. Былтыр 3478 адамға грант берілген болатын. Биыл бұл көрсеткіш 30 пайызға өсіп отыр. Бұл жылы Шымкент қаласына 1500 грант бөлінген еді. Кейіннен қала әкімінің тікелей қолдауымен және сұраныстың артуына байланысты жалпы 5000-ға жуық грант беру жоспарланды. Грант берудегі  бірден-бір мақсат – аз қамтылған отбасыларды жаппай кәсіпкерлікке баулу және олардың табыстарын арттыру, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы бойынша 237 жоба нақтыланып, бүгінгі күнге 8 640 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 405 адам жұмысқа орналасқан.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі