Шымкент

Шымкенттік шаруалар 36 мың тоннадан астам өнім жинады

Ауыл шаруашылық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте жыл сайын жылыжай мен бордақылар алаңының саны артып келеді. Шымкенттік шаруалар күні бүгінге дейін 36 мың тоннадан астам өнім жинаған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласында экономиканың қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырды. Осы мақсатта шаһарында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды.

- Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылығына жарамды жерлер 62,6 мың гектарды құрайды. Оның ішінде, егістікке жарамды 39,5 мың гектардың 27,9 мыңы (70,6%) егілген. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 мың гектарға артық. Қазіргі таңда қала аумағында өнеркәсіптік үлгідегі 11,7 гектарды қамтитын жылыжайлар іске қосылды, - дейді Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков.

Сонымен қатар, Шымкентте ағымдағы жылы мал шаруашылығында ет 10,6 мың тонна, сүт 35,1 мың тонна, жұмыртқа 100,4 млн дана көрсеткішінде артығымен өндірілген. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға 4 232,4 млн теңге субсидия бөлініп, есепті кезеңге қаралған қаржы толығымен жұмсалған. Нәтижесінде, 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 22,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 млрд теңгеге артқан.