Шымкент
60 жоба жүзеге асырылады
Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында жалпы аумағы 306 гектарды құрайтын "Жұлдыз" индустриалды аймағы құрылып жатыр.
Бүгінгі таңда индустриалды аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде. Бірінші кезеңде 2020-2021 жылдары аралығында 110 гектар, екінші кезеңде 2021-2022 жылдары 230 гектар жер игеріледі.
Бұл индустриалды аймаққа 105 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады. Ол толық іске қосылғанда 8 000 адам жұмыспен қамтылмақ.
Сондай-ақ мұнда кезең-кезеңімен 60 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Жобалар негізінен құрылыс материалдары, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібіне бағытталған. Атап айтқанда, индустриялды аймақта трансформатор, полиэтилен құбыры, жылытқыштап, пенопласт, пеноплекс өндіретін өндіріс компаниялары орналасады деп жоспарланып отыр.
Жалпы, Шымкентте «Оңтүстік», «Тассай» индустриалды аймақтары, Арнайы экономикалық аймағы және сауда-логистикалық орталығы бар. Қаражаттарды тиімді инвестициялау және жобаларды іске асыру үшін барлық жағдай жасалған. Инвесторларға ұзақ мерзімді жалға беру, дайын инфрақұрылым және коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетілген жер учаскелері ұсынылады. Арнайы экономикалық аймағының қатысушыларына салық жеңілдіктері де жарамды.