Қоғам

KASPI-ге шабуыл жасағандар ұсталды

Алматыдағы Каспи банк бөлімшесіне шабуыл жасап, қомақты қаржы ұрлаған қылмыскерлер ұсталды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда Kaspi Bank бөлімшесіне шабуыл жасады деп күдікке ілінгендер ұсталды, - деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Қылмыстық істер жөніндегі полиция басқармасының мәліметінше, шабуыл жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталды.

"Күдіктілер - С. және У. есімді азаматтарды Алматыда қалалық қылмыстық полиция жедел уәкілдері ұстады. Осы оқиғаға қатысы бар үшінші адамды Оралда БҚО полиция қызметкерлері ұстады. Заттай дәлелдер - ұрланған қаражат тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, бұл іс бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - деді полициядағылар.

Шабуылда қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екені анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.

Банктің баспасөз қызметі күдіктілердің Kaspi.kz қауіпсіздік қызметінің көмегімен ұсталғанын хабарлады. "Ұсталғандар кінәсін мойындады және тергеу аяқталғаннан кейін олар сот алдына келед", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Kaspi Bank бөлімшесіне 15 қазанда Алматыда жасалған болатын.