Әлем жаңалықтары
Коронавирусты бәрі жұқтырып шығады, сөйтіп нәтижесінде ауратын адам қалмайды.
Швеция коронавирус пандемиясын тоқтату үшін қажетті 60-70 пайыздық иммунитетке қол жеткізе алатын алғашқы ел болуы мүмкін. Бұл пікірді ресейлік иммунолог, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов айтты, - деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Швециядағы картина ғажап: пандемия басталғалы карантин жарияланбады, халқы жайбарақат көшеде жүр, ал вирус халықтың арасында. Бұл принципті ел билігі эпидемия аяқталған кезде иммундық қабатты тезірек қалыптастыру үшін өте жақсы деп санайды. Алайда халқын көшеге жіберіп қойып қол қусырып қарап отырған Швеция жоқ. Вируспен күресудің шешімін іздеді, әрі жылдамдықты іске қосты. Ауыр науқастарды вирустан құтқару үшін өз медицинасына, аппараттарының, реанимация палаталарының, оттегі, дәрі-дәрмектердің жеткілікті екеніне сенді", - деді Жемчугов.
Сарапшының айтуынша, Швецияда коронавирус
жұқтырғандар көп, бірақ өлім көрсеткіші төмен.
"Менің ойымша, Швеция 60-70 пайыздық иммундық қабат деңгейіне бірінші
болып жетеді. Онда ауыратын адам қалмайды, себебі барлығы жұқтырып
шығады", - деді Жемчугов.
Ол мұның пандемияны аяқтайтын көрсеткіш екенін атап өтті.
Соңғы мәліметтер бойынша, Швецияда 121 мың науқас анықталған, 5,9 мыңнан астамы қайтыс болған.