Спорт
Әкесінің арманын орындау үшін Хабиб сегізбұрышқа қайта оралуы мүмкін
UFC президенті Дана Уайт ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов сегізбұрышқа қайта орала алады деп санайды. Бұл туралы bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы 24sport басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
24 қазанда аталмыш ресейлік спортшы Хабиб Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің екінші айналымында американдық Джастин Гейджді жеңіп, үшінші рет өзінің жеңіл салмақтағы титулын қорғады. Бұл Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың арғы дүниеге аттанғанынан кейінгі алғашқы күресі. Спортшы анасына осы күрестен кейін жекпе-жектен мүлдем кететіндігіне уәде берген. Және Гейджимен болған жекпе-жектен кейін Хабиб ресми түрде өзінің спортшы ретіндегі мансабының аяқталғанын жариялады.
«Мен Хабибпен әңгімелескен болатынмын. Соңғы жекпе-жекте жеңіске жеткен кезде ол өте эмоционалды болды. Менің ойымша, ол 30-шы жеңісі үшін қайта оралады және 30-0 жасағысы келеді. Мен оны мәңгілікке кетті деп ойламаймын. Себебі, оның әкесі осы 30-0-ді қалаған және Хабиб марқұм әкенсінің осы тілегін орындау үшін оралуы мүмкін", - деді Уайт CBS Sports Radio-ға.
Нурмагомедовтың аралас жекпе-жектегі есебінде 29 күресінің 29-ын жеңіспен аяқталған. 27 қазанда Хабиб салмақ санатына қарамастан UFC жауынгерлерінің рейтингісінде бірінші қатарға көтерілді.