Қоғам

Қашықтан оқу неге тиімді?

Жауап берген 30 шақты адамның 17-сі уақыттың тиімділігін атап өтсе, 8-і қаржы үнемделетіндігін, қалғаны «өз үйім- өлең төсегім» деп қысқа қайырды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тұран студенті әрі қарағандылық Айару бұрын Алматыда пәтер жалдап, жолына ақша құртып, қоғамдық көлікте талай сағатын өткізіп сабағына барып жүруші еді. Енді ол Қарағандыда өз үйінде онлайн оқып отыр. Ақшасы да, уақыты да үнемделді.

Әлем назарын өзіне аудартқан коронавирус инфекциясы студенттер мен мектеп оқушылары үшін  қиындықтар ғана емес, айтарлықтай жеңілдіктер де алып келді.

Дәстүрлі оқу түрінен жаңа деңгейге ауысқан әлем, әсіресе цифрлы-технологияны дамытуды басты назарға алып отырған Қазақстан үшін «қашықтан оқу» көптеген мәселелерді шешіп қана қоймай, адамдардың ойлау жүйесін тың бағытқа ауыстырды. 

Қазіргі таңда еліміздегі жоғарғы оқу орындарының басым бөлігі онлайн, яғни қашықтан оқу форматына көшті. COVID-19 вирусы енді өршіп келе жатқан кезеңде халықты дүрбелеңге салған «онлайн» оқу мәселелері толық деңгейде шешілмесе де, өзіндік тиімділігімен қуантуда.  

Ол қандай тиімділік? Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасының журналисі қашықтан оқитын студенттермен сұхбаттасып көрді.  

«Мен Тұран университетінің 2-курс студентімін. Маған қашықтан оқу ұнайды. Өзім Қарағандыдан болғандықтан, Алматыда оқу маған көп шығын әкелетін: пәтер ақысы, жол, тамақ және тағы басқа қажеттіліктер. Студент үшін оның бәрін төлеу қиын. Кейіннен, онлайн оқу жүйесінде мен уақытымды үнемдеп, тиімді пайдалана аламын. Қалаған жерімде сабаққа қосылып және сол уақытта өзге де жұмыстарымды бітіре аламын»,- деп ойын білдірді қашықтан білім алып жатқан Қарағандылық Айару Дәулетқызы.

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасының тілшісі студенттер арасында сауалнама жасап көрді. Олардың онлайн оқу жүйесінің артықшылықтары жайлы пікірін білді. Жауап берген 30 шақты адамның 17-сі уақыттың тиімділігін атап өтсе, 8-і қаржы үнемделетіндігін, қалғаны «өз үйім- өлең төсегім» деп қысқа қайырды.

Дәстүрлі оқудан бөлек қазір әртүрлі әлеуметтік платформаларда курстарды қолжетімді бағада онлайн оқып, үйде отырып табыс таба беруге де мүмкіндіктер жасалынған. Мысалы, тігін, мобилография, кондитерлік, SMM және т.б.

Адам қаласа жасайды және ең ұлы идеялардың барлығы қиын шақта туғанын ескеретін болсақ, қашықтан оқу жүйесі де көптеген мәселелерді өзге тұсынан қарап, адамдардың ойлау жүйесіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа мүмкіндіктер сыйлай алды.

Ақбота Нысанбаева