Шымкент

Шымкентте демеушілер есебінен 137 үйге газосигнализатор құрылғысы орнатылды

Әл-ауқатын көтеру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында қысқы жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасын табуда.

Осы мақсатта Әл-Фараби ауданында газдан уланудың алдын алу жөнінде аудан тұрғындарына кезекті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аудан әкімдігі тарапынан әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне «Газосигнализатор» құрылғысын орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл ауданда  демеушілер тарапынан 137 үйге аталған құрылғы орнатылған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, дабыл қаққыш құрылғы газдан уланудың алдын алады.

Қалада жалпы 300-ге жуық үйге газосигнализатор құрылғысы орнатылды.

Мамандар қала тұрғындарына газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына жіті мән беруді ескертеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі