Спорт

Джон Джонс: Хабибты ең мықты деп танымаймын

UFC басшысы жекпе-жек тарихындағы ең мықты спортшы туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


«UFC рейтингін бастап тұрған атақты спортшы Хабиб Нурмагомедов - тарихтағы ең мықты жекпе-жекші емес»  дейді ұйым басшысы Дана Уайт. Ол UFC Fight Night 181 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында өзінің ойымен бөліскен болатын,  баспасөз үзіндісі YouTube желісінде MMA Turkey каналында жарияланды, - деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Известияға сілтеме жасап.


«Хабиб рейтингтің көшбасшысы. (...) Бірақ мен әрдайым Джон Джонсты ең ұлы жекпе-жекші деп айтып жүремін. Хабиб UFC жалпы рейтингінің көшбасшысы, ал Джонс тарихтағы ең ұлы жекпе-жекші», - деді Уайт.


Джон Джонс – американдық, жеңіл салмақтағы спортшы . Ол ұйым тарихындағы және өз салмағындағы  ең жас чемпион. Джонс сегіз рет өз титулын сәтті қорғаған.


24 қазанда Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжиді артқы  жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC титулын сақтап қалды. Жекпе-жектен кейін Хабиб өзінің салмақ дәрежесіне қарамастан UFC рейтингінде бірінші орынға ие болды, ал ESPN спорт телеарнасы оны  ең жақсы аралас стилист спортшы (MMA) деп таныды.


Джон Джонстың өзі де Нурмагомедовты «ең мықты» деп танудан бас тартып, ол туралы осы әңгімеде айтылып жатқанның өзі оны біртүрлі күйге түсіретінін айтты.  


«Мен 15 титулдық жекпе-жекте жеңіске жеттім, ол төртіншісіне енді  жетті», - деді Джонс.