Әлем жаңалықтары
Германияда қараша айынан бастап қатаң карантин режимдері енгізілді
Германияда коронавирустың жедел таралуына байланысты қараша айының соңына дейін карантин режимі енгізілді, - деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы РИА Новостиге сілтеме жасап.
Германия канцлері Ангела Меркель 28 қазанда карантиннің енгізілетінін хабарлаған болатын. Ол жаңа жалпыұлттық қатаң карантин режимінің қажеттілігін түсіндіре отырып, елдегі денсаулық сақтау жүйесі науқастардың қазіргі жағдайдағы көптігіне қарсы тұра алса да, бірнеше аптаның ішінде күрт өсетін болса, оған төтеп бере алмайтындығын айтты.
Шектеу режимі мынадай болмақ: театрлар мен фитнес клубтар жабылады, туристік саяхаттарды тоқтату және тамақтандыру орындарының тек жеткізу қызметтері арқылы жұмыс істеуі, ал мектептер мен балабақшалар және шаштараздар мен дүкендер жұмысын жалғастырады (келушілердің шектеулі санымен).
Көктемгі сақтық шараларынан айырмашылығы, шектеулердің жаңа режимінде мектептер мен балабақшалардың жабылмайды.
1 қарашадағы мәлімет бойынша Германияда тәулігіне 14,2 мыңға жуық коронавирустық инфекция жағдайы анықталып, 29 адам қайтыс болған. Ал эпидемия басталғаннан бері елде коронавирустың 532 930 жағдайы тіркеліп, 10 481 қайтыс болды. 355 мыңнан астам науқас сауықты.