COVID-19
Британияда коронавирус инфекциясын бірнеше секунд ішінде анықтай алатын тест ойлап табылды
Жаңадан ойлап табылған коронавирус инфекциясын анықтайтын тест тексерілушінің оң немесе теріс өлшем көрсетіп тұрғанын бірнеше секундта анықтайды. Толық тексеріс процессі 1-2 минутты алады, ал бұған дейін бірнеше сағатқа созылатын еді,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы BBC-ге сілтеме жасап.
Уэльсте жасалған тыныс алу тесті Covid-19-ды анықтай алады және оны басқа тыныс алу жолдарының инфекцияларынан бірден ажыратады.
Шотландия мен Германияда өткізілген жаңа тесттің сынақ нәтижелері беделді Lancet медициналық журналында жарияланған.
Оны жасаушы Imspex Diagnostics, егер қаржы табылса, сынақ құрылғысы алты айда пайдалануға дайын болады деп мәлімдеді.
«Менің ойымша, бұл әдістің болашағы зор, - деді құрылтайшы және бас атқарушы директор Санти Домингес. - Оның ауруды жылдам анықтайтындығы, оны тек ауруханаларда емес, әртүрлі жағдайларда да қолдануға мүмкіндік береді».
«Оның мүмкіншіліктері авиацияда, қоғамдық көліктерде, мигранттармен жұмыс кезінде көрінеді. Ол арқылы тыныс алу үлгісін тез алуға болады, яғни сізге арнайы маманданған адам қажет емес және бірнеше минут ішінде сіздің қолыңызда нәтиже болады», - дейді ол.