Қоғам

Доллар бағамы айтарлықтай өсті

Доллар 1,63 теңгеге қымбаттады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық қор биржасы (KASE) сағат 11:00-дегі жағдайға сәйкес, доллардың орташа айырбас бағамы тағы 1,63 теңгеге қымбаттап, 434,29 теңгені құрағанын жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Айырбас орындарында долларды сатып алу мен сату бағамы 434, 435,5 теңге, евро – 506 –508 теңге, Ресей рублі - 5,47 – 5,53 теңге.

Ал мұнайдың халықаралық бағалары 2 қарашадағы сауда-саттық барысында арзандауын жалғастыруда. Мұнай бағасы 3%-дан астамға түсті.

Мәселен, WTI мұнайының желтоқсан айына арналған фьючерстері 3,72%-ға арзандап, бареллі үшін $34,46 құрады.

Brent мұнай маркасының қаңтар айына арналған фьючерстері 3,29%-ға арзандап, баррелі $36,69-ға саудалануда.