COVID-19

Комаровский: Коронавирусты анықтайтын тест сапасыз

Коронавирусқа арналған тест сәтті бизнестің үлгісіне айналды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украиналық танымал дәрігер және тележүргізуші Евгений Комаровский Украйна.ру басылымына берген сұхбатында коронавирустың қорқынышты тұсын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Комаровский адамдарда коронавирус белгілері анық болса да тест нәтижесі теріс болып шығатынын айтты. Ал аурудың ешқандай симптомы жоқ науқастарда антиденелердің деңгейі жоғары болады. Сондай-ақ басқа лабораторияда олар мүлдем басқа нәтиже алады екен.

"Ауырып шыққанның ағзасындағы антиденелердің санына қарағанда, бұл мәселе мені қатты уайымдатады", - деді дәрігер. 

Комаровскийдің айтуынша, бұл тест сапасының нашарлығымен байланысты екен. 

"Тест жағдайы бензиннің жағдайы секілді. Коронавирусқа арналған тест сәтті бизнестің үлгісіне айналды. Бұл тест сапасын кім бақылайтынын білмеймін", - деді ол.