Bugin
Олар жетістікке қалай жетті?
Әлемде қанша адамдар миллионер және миллиардер болып жатыр,ал олардың қатарында әзірге сіз жоқсыз ба? Шындығына келгенде, олардың соншалықты байлық пен табысқа жету жолдарының тарихын оқыған кезде сіз үшін бір
орындалмайтын арман, жай ғана ойдан құрастырылған ертегідей болып көрінетіні де жалған емес. Ең алғашқы миллионымды 25 жасымда иелендім, қымбат маркалы автокөлік, патша сарайындай зәулім шаһар, бірнеше ашылған кәсіптік бизнес, қысқасын айтқанда барлығы керемет. Ал, түп тамырына келетін болсақ, табысты адамдардың жеңісінің сабағында қаншама көзден аққан жас, қиыншылықтар, азапты сәттер жатыр. Кез келген адам үшін өмірде ірі жетістікке жеткен адамдар тым бақытты өмір сүрген, ата-анасы шіріген бай болған, туыстары көкті тірегендей болып көрінеді. Олар тіпті саусақтарының ұшында қозғалтпай, аға- көкелерінің арқасында көтерілген деп те айтып жатады. Алайда, өз адал еңбегімен биік шыңға жеткен тұлға туралы бұлай деудің өзі үлкен күнә.
Ал, қазір мен жетістіктеріне нөлден бастап жеткен тұлғалар туралы сөз қозғаймын. Forbes журналының алдыңғы қатарын бастап тұрған Майкл Рубин. Әлемдегі ең бай он адамның алдыңғы қатарын еншілеген. Болашақ миллиардер, қазіргі Kynetic компаниясының негізін салушы, бала кезінен бастап еңбек еткен. Еңбек өтілін көршісінің үйінде шемішке сатудан бастаған. 10 жасқа толғаннан кейінгі сатушы бала жанына 4-5 бала жинап көршісінің үйінің маңындағы қарларды жинап ақша таба бастайды. Ал, Майклдың 14 жасында жеке дүкені ашылады. 23 жасқа толғанда көлемі 50 миллион долларды қамтитын жеке компаниясы болады. Кейін Маклдың қаражаты 2,3 миллиард долларды құрайды. Практикалық тұрғыдан қарастырсақ, ең табысты адамдар бала кезінен еңбек еткен тұлғалар болып табылады.
Опра Уинфри әлемдегі ең ірі табысты тұлғалардың ішіндегі жалғыз ғана әйел адам. Әрине,ол Forbes-та бірінші орынды иемденбесе де еңбек сүйгіштілігі, адалдығы жағынан бірінші орынға қоюға әбден болар еді. Оның жасы қазіргі таңда 62-де. Ол өзінің табыс жолы туралы айтқанда қиыншылыққа бұрылып қарамай, барлығына өз күшіммен жеттім дейді. Опра туған отбасы тым кедей болған. Ата-анасы асырай алмағандықтан әжесінің қолына береді. Әжесі тауда терімшілікпен айналысқан. Бір зұлым күш Опраның 9-жасында өміріне пышақ ұшын сұғады.Оның балпанақтай бала кезінде аяғы ауыр болады.14 жасында тағы да бір рет зорлықтың кесірінен аяғы ауыр болады. Дегенмен, сәби туылғаннан кейін өмірімен қош айтысады. 17 жасқа толғанда Опра телевизия саласында репортер болып қызмет атқарады. Ал, 1986 жылы өзінің жеке "Опра Уинфридың шоуы" атты телевизиялық бағдарлама ашады.2011 жылы жеке телеканалын "ОWN" жұмылдырады. Тележүргізушінің жалпы қаражаты 3,2 миллиард долларды құрайды.
Дастин Московиц Вашингтон қаласы еврей отбасында дүниеге келеді. Оның капиталында шамамен 10 миллиард доллар бар. Сонымен қатар, Facebook желісінің 7,6 %-дық акциясы Дастинға тиесілі.
Әлемдегі ең табысты тұлғалардың рейтингі осылай,яғни нөлден бастап,өз жетістіктеріне жетер жолда талмай еңбек еткен. Бай болуға шектеу жоқ. Сізде тырысып көріңіз, кім біледі, мүмкін біраз жылдардан кейін сіздің де есіміңізді Forbes журналының тізімінен кездестіріп қалармыз.