Спорт

Қазақ балуан әлемдегі ең мықты он дзюдошының бірі атанды

Халықаралық дзюдо федерациясы рейтингін жаңартты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Будапештте өткен «Үлкен дуылға» турнирінің қорытындысы бойынша ең мықты он спортшының қатарына кірді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

60 келі салмақта белдесетін Қырғызбаев бірінші айналымда әзірбайжандық Давуд Наджиге есе жіберіп, жетінші орын иеленді.

Осылайша, Қырғызбаев 4080 ұпай жинап, өз салмағының әлемдік рейтингінде жетінші болды.

Ғұсман Қырғызбаев ҚР құрамасының мүшесі, 2016 жылы Цюрихте өткен әскерилер арасындағы CISM (Халықаралық әскери спорт кеңесі) әлем чемпионатының жеңімпазы, 2019 жылы Абу-Дабиде өткен «Үлкен дуылға» турнирінде жеңіске жеткен және басқа да әлемдік жарыстардың жүлдегері.