COVID-19

Ғалымдар анықтады: Коронавирус жұқтырған адам қанша айға дейін ауырмауы мүмкін?

Американдық ғалымдар коронавируспен ауырған адам неше айға дейін қайта жұқтырмауы мүмкін екендігін анықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коронавирус инфекциясын тудыратын SARS-CoV-2 вирусына қарсы антиденелер вирустың орта немесе жеңіл деңгейімен ауырып шыққан адамдар ағзасында орташа есеппен алғанда 5-6 айға дейін сақталып тұруы мүмкін,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар плтформасы РБК сайтына сілтеме жасап.

Нью-Йорктегі «Маунт Синай» медициналық орталығының ғалымдары осындай тұжырымға келді, ал зерттеу нәтижелерін Science журналы жариялады.

Зерттеуге коронавирус инфекциясы оң нәтиже берген 30 мыңға жуық адам қатысты. Ғалымдардың айтуынша, бұл антиденелер адам екінші мәрте вирус жұқтырмауына , ал жұққан жағдайда оның өте төмен деңгейде әсер етуіне септігін тигізеді және қорғайды.

Лондон Императорлық колледж ғалымдарының бұрын жүргізген зерттеуіне сәйкес, вирус жұқтырғаннан кейінгі антиденелер бірнеше айдың ішінде қайта жұқтырудан қорғай алмайтын деңгейге дейін төмендеуі мүмкін. Әсіресе, бұл аурумен симптомсыз ауырған адамдарды антиденелердің вирустан қорғау деңгейі төмен болуы мүмкін. Тағы зерттеу нәтижелерінше, 75 жастан асқан адамдарда бұл қорғаныс денелері аз уақыт ішінде жоғалып кеткен.

Пастер атындағы Санкт-Петербург эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ресей Ғылым академиясының академигі Арег Тотолянның айтуынша,  коронавирусты жеңген адамдардың 15-20%-ында антиденелер бірнеше ай ішінде жоғалған.

Антиденелердің бірнеше айға сақталатыны турасында бұған дейін де айтылды. Мсәелен, «Спутник V» клиникалық зерттеу орталығының жетекшісі Никита Ломакин 60-тан асқан науқастарда антиденелер 3-5 айда жоғалған. Одан кейін әлгі науқас вирусты қайта жұқтыруы мүмкін.

Бұл жолы ғалымдар антиденелердің нақты 5 айға дейін сақталатынын хабарлады.