Әлем жаңалықтары

American жекпе-жек: АҚШ-тағы сайлаудың әлемге әсері

Әзірге, 74 жастағы Дональд Трамп 42% дауыс жинаса, 77 жастағы Джо Байден 50% дауыс жинады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылдың 3 қарашасында АҚШ төрт жылға президентін сайлайды. Президент орынтағына республикашыл Дональд Трамп пен демократ Джо Байден таласады. Шетелдік БАҚ-тар қос үміткердің мүмкіндіктері турасында жарыса жазып жатыр. Әсіресе, олардың бірінің жеңісі екіншісіне немесе әлемге қалай әсер етеді, мұны да анықтап көріпті.

2016 жылға дейін мемлекеттік қызметке араласып көрмеген Дональд Трамп президент сайлауына қайта түспек. “Ер кезегі үшке дейін” демекші Джо Байден Ақ үйді басқаруға осымен үшінші мәрте ниеттеніп отыр.

Әзірге, 74 жастағы Дональд Трамп 42% дауыс жинаса, 77 жастағы Джо Байден 50% дауыс жинады. Бұл 2020 жылдың 22 қазанындағы нәтиже.

Түсінгеніміздей, АҚШ-тың кезекті президенті ел тарихындағы жасы ең үлкен басшы болмақ. 1973 жылы 69 жасында президент болған Рональд Рейганнан кейін бұл рекордты әзірге ешкім жаңартпаған. Жас үлкендігіне қарамастан қос үміткер де жаңа технологиядан хабарсыз емес.

Мәселен, Дональд Трамп Ақ үйдегі соңғы жаңалықтармен Twitter-дегі өзінің парақшасы арқылы бөлісіп отырды. “Известия” порталы үміткерлердің қайсы бірі жеңіске жетсе де, әлемді не күтіп тұрғанын саралап көріпті.

Климат

Дональд Трамп: Климат жөніндегі Париж келісімі АҚШ үшін әділетсіздікке толы. Соның кесірінен миллиондаған американдық жұмыс орындарынан айырылады. Біздің үлкен міндет – келісімнен бас тарту.

Джо Байден: Ең алдымен климат жөніндегі Париж келісіміне оралу керек. АҚШ энергия көздерін қайта өңдеуі тиіс. Америка халқы үшін энергиялық тиімділігі мол 4 миллион үй тұрғызу керек.

Иранмен ядролық келісім

Бірлескен іс-қимыл жоспарының кесірінен Америка “ядролық шантаждың” тұтқынына айналды. Вашингтон не жаңа келісім құрады немесе Тегеран ядролық қару шығаруын доғармаса, санкция салуды жалғастырады.

Джо Байден: Бірлескен іс-қимыл жоспарына қайта оралу керек. Трамп әкімшілігінің кей әрекеттері Иранды ядролық қарумен дос етті. Тегеранды келісімге қайта енгізу керек. Тіпті мәжбүрлеу керек.

Сайлауға араласу

Дональд Трамп: Жаңа Start келісімін қандай да бір талаппен ғана ұзарту керек. Келісімге Қытайды енгізсек құба-құп. Онсыз келісіміміздің мәні жоқ.

Джо Байден:  Жаңа Start келісімін ұзартсақ игі. Қаруландыруды бақылауға алу турасындағы келісімдер үшін бұл үлкен көзір болмақ.

Қытаймен қарым-қатынас

Дональд Трамп: Қытай – басты қауіп. Сол мемлекеттің кесірінен оба келді, олар американдықтардың орнына көз сұғып жүр. АҚШ Бейжіңмен үздік келісімге қол жеткізуге тырыса бермек. Қытайға елімізді басындыруға жол бермейміз.

Джо Байден: Қытай мен Америка қарсыластар емес, конкуренттер. Мұндағы басты мәселе – АҚШ-тағы адам құқықтарының тапталуы. Әсіресе, Тибеттің күйі алаңдатады.

Украина турасында

Дональд Трамп: Біз Украинаға көмектесуді жалғастырамыз. Әйтсе де оларға Байденнің жемқорлық істерін зерттеуге тура келеді. Ал жалпы Киев пен Мәскеудің қарым-қатынасы реттелсе болар еді.

Джо Байден: Украина – АҚШ-тың ішкісаяси приоритеті. Біз Украинаның қорғаныс саласына көмегімізді тигізуіміз керек. Украина біздің қаруландыру жүйемізге мұқтаж. Ал Ресей болса, Украинаға істеген әр әрекеті үшін қомақты қаржы төлеуі тиіс.

Байқағанымыздай, әлемдік мәселелерде Трамп пен Байденнің көзқарасы сәйкес келмейді. Егер демократ президент болса, АҚШ-тың ішкі саяси курсы өзгереді, басқа да бағыттарды үлкен өзгеріс күтіп тұр.

Ал Дональд Трамптың билікке қайта келуінен қауіптенудің қажеті жоқ.

Үміткерлердің “күлкілі” мәлімдемелері

Дональд Трамп: Ресей менің президент болғанымды қаламайды, жеңілгенімді тілеп жүр.

Джо Байден: Мен Ресейдің қарсылас деп санаймын. Расында, солай.

Дональд Трамп: Менің қазір иммунитетім күшейген. Жандарыңа барып, бәріңді сүюіме де болады. Мен бәріңді сүйемін, еріңді де, әйеліңді де. Ана жігітке қараңыздаршы, қандай келбетті. Оны да сүйіп аламын.

Джо Байден: Ол бәрінің тас талқанын шығаратын президент. Сіз – Америка тарихындағы ең ұсқынсыз басшысыз.

Дональд Трамп: Мен бетпердені керек кезде ғана тағамын. Әлгі сияқты емес. Байден қашан да бетпердемен жүреді. Өмірімде көрген ең үлкен бетперде сол шығар.