Әлем жаңалықтары
Зардап шеккендердің саны 994-ке жеткені белгілі болды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 95-ке жетті, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы РИА Новости тілшісіне сілтеме жасап.
Зілзала салдарынан қаза тапқандар саны күн сайын артып келе жатыр. Бұған дейін қаза тапқандар саны 92, ал зардап шеккендердің саны 994-ке жеткені белгілі болған.
"Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 95-ке жетті", - делінген республиканың төтенше жағдайлар және апаттарды басқару агенттігінің хабарламасында.
Жер сілкінісі кезінде 1385 афтершок болған.
Еске салайық, 30 қазанда Түркияда 6.6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр - Измир провинциясының Сеферихисар қаласы. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 76 адам қаза тапқан. Көптеген адам баспанасыз қалған. Жер сілкінісі салдарынан Измирдегі 20-дан аса ғимарат зардап шеккен. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61