Әлем жаңалықтары

Венадағы қанды түн: террористер Австрияның алты аймағына шабуыл жасады

Өткен тәулікте Австрияның алты аймағында қанды терракт шабуылдары орын алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оқиға 2 қараша күні кешке болған. Алғашқы атыс жергілікті уақыт бойынша 20:00-де естілді. Автоматпен қаруланған белгісіз адамдар ғибадатханалар орналасқан ауданға, бірнеше мейрамханалар мен еврей орталығы бар аймақтарға шабуыл жасады,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Шабуылда екі адам қайтыс болды - еркек пен әйел. Сондай - ақ, 15 адам жарақат алды, олардың жетеуі полиция қызметкерлері екені анықталды.

"Осы қорқынышты қылмыс кезінде ер адам жан тапсырып, кейіннен әйел де  қайтыс болды. Бұл зардап шеккен екі адам жайлы. Және бес адам ауруханаға жеткізілді, оның ауыр зардап шеккен жетеуіне жедел түрде көмек көрсетілді. Жақында олар айығып шығады деп үміттенемін", - деді Вена бургомистрі Михаэль Людвиг.


Австриялық Orf телеарнасы Венадағы лаңкестік шабуыл орындары бар картаны жариялады.

 

Қорғаушы тарап бір шабуылдаушыға оқ жаудыра алды. Оны ұстау мақсатында қалада ауқымды арнайы операция ұйымдастырылды.

ІІМ-Австрия бұл болған оқиғалар теракт болып табылатындығын мәлімдеп, барлық тұрғындардан көшеге шықпай, үйде отыруларын сұрады.


Лаңкестердің бірі видеоға түсіп қалған. Жалпы, алдын-ала мәліметтер бойынша, олардың саны кем дегенде екеу болған делінеді.

Австрия канцлері Себастьян Курц Венадағы шабуылды "қорқынышты террорлық шабуыл" деп атады.

"Бір қылмыскер залалсыздандырылды, қалған қылмыскерлер әлі де қашуды жалғастыруда. Қазіргі кездегі мәліметтерге сәйкес, олар өте жақсы қаруланған, яғни автоматты қарулары бар және  кәсіби дайындалған. Бұл сөзсіз террорлық шабуыл. Келесі сағаттарда қауіпті жоюға және ертең қоғамдық өмірді қайта қалпына келтіруге болар деп үміттенемін. Әрине,  бұл шабуыл басталған жерді ескере отырып, антисемиттік мотивті жоққа шығаруға болмайды", - деді Австрия канцлері.

 Австрияның ішкі істер министрі Венада атыс кезінде бірнеше күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растамады.

"Қазіргі уақытта мен бұл ақпаратты растай алмаймын, біз қылмыскерлерді іздеуді жалғастырамыз", - деді ол ORF эфирінде.

Бұл ретте әлеуметтік желілерде болжалды қаскүнемдерді ұстау кадры жарияланды.

Австрияда, оның ішінде шекарада, Венадағы террорлық шабуылдан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді.


"Министр хабарлағандай, бүкіл ел бойынша, әсіресе шекараларда қызметкерлерді және қорғанысты күшейту жүргізілді. Мұнда, әрине, бүкіл елге назар аудару керек, бірақ мұндай жағдайларда қызметкерлер саны шектеулі болғандықтан, күшті қорғалатын жеке аймақтарды анықтау керек, бұл жағдайда Венаның орталық аудандары, себебі онда шабуыл жасалған алты аймақ бар", - деді елдің ішкі істер министрлігінің өкілі Гаральд Зерес.