Қазақстан жаңалықтары

Мемлекеттік шекарада шектеу шаралары қатаңдатылады

Қазақстан мелекеттік шекараға шектеу шараларын енгізіп, бірқатар өзгерістер орнатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан мемлекеттік шекарада шектеу шараларын күшейтеді,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы primeminister.kz. сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.


ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:


-Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне: Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері;  Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін өзгерістер енгізу. Аталған санаттағы тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұрын 30 тәулік болған).


-Визасыз режим бойынша 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылсын. ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағаттық визасыз болуын тоқтата тұру 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылсын.


-Түркиямен әуе рейстері бойынша: 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту.