Қоғам

Безбүйрек ана: анасы балаларына пышақпен шабуылдаған

Қостанай облысында анасы өз балаларына пышақпен шабуыл жасаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанайда анасы балаларына шабуыл жасаған,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 

Сот қызметкерлерінің пайымдауынша, қастандық жасаған ана бұған дейін «әйелдер мен балаларға» арналған бейімдеу орталығының жатақханасында болған. Ол 2016 және 2018 жылдары ас үйде  балаларын пышақпен жарақаттаған.

Бастапқыда әйелдің кісі өлтіру әрекеті үшін сотталғаны айтылады. Бірақ кейінірек прокурор ол бапты "денсаулыққа ауыр зиян келтіру" деп өзгерткен. 

Нәтижесінде балаларына шабуылдаған әйел орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот мәліметінше, үкім заңды күшіне енген жоқ.