Саясат

Трамп президент болуға 30 жыл дайындалған ба?

АҚШ президенті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Саяси-экономикалық жақтан даму мен өсу тұрғысынан АҚШ-тың алдына түсетін ел әлі бой көрсете қойған жоқ. Әлемдегі негізгі үстемдік те американың қолында. Айналып келген кезде 100 АҚШ долларының 90 % соларға тәуелді.

 

АҚШ тарихындағы президент сайлау үлкен бір шоу бағдарлама секілді өтеді. Ішкі саяси мәселе болса да, әлем көңіл аударып отырады. Себебі ол – АҚШ.

Барак Обамадан кейін 45-ші президент ретінде таққа келген Trump мырзаның  қазіргі позициясы саяста саханасындағы сарапшылардың өзін түсініксіз күйде қалдырып отыр. Бірде көл, бірде шөл президенттің 2016 жылы сайлауға қатысып, қарсыласы Хиллари Клитнон ханымды жолда қалдырғанын еске алсақ, Donald Trump бизнес әлемінде ғана емес, саяси рөлі де басым екенін аңғара аламыз.

Сонымен, біз білетін АҚШ-тың 45-ші президенті Donald Trump мемлекет басқару үшін 30 жылдық стратегия құрған ба?

1988 жылы бағдарламалардың бірінде сұқбат берген 42 жастағы Donald Trump: «Мен президент сайлауына жеңіліп қалу үшін емес, жеңімпаз атану үшін барамын»,-деп қадап айтқаны бар.

Donald Trump саясаттағы шахмат ойынына араласпастан бұрын әлемдегі ең мықты кәсіпкер ретінде белгілі болды. Оны тіпті «жылжымайтын мүлік жүргізу саласының патшасы» деп те атады.

1980 жылы 33 жастағы Trump мырзаның  кәсіпкерлігі жайында бағдарламалардың бірінде сұқбат жүрді.  Онда оның сол кездері Метрополитен музейіне тиесілі ескерткіштердің бәрін сүріп, орнына жаңа ғимараттар мен қонақ үйлер салуы сөз болады. Сол кездегі байлығының нақты қанша екенін ашық айтудан бас тартқан кәсіпкер: «Маған миллиардтаған ақша табу қызық емес, маған өзімнің жұмысымды жасаған қызық» деп жауап береді.

1987 жылы қазір біз «Түнгі студия» деп жүрген көшірме бағдарламаның дәл өзінде Donald Trump сұқбат берді.

-        Сіз қазір қанша тұрасыз?

-        Сұрақты түсінбедім. Бірақ менің отырған орным сізден неге аласа, неге аласа болуы керек?- деп қысқа диалог қайтара отырып, өзінің қандай деңгейдегі, қандай байлықты меңзеп тұрғанын астарлы түрде жеткізіп бере алды.

АҚШ президентінің сексенінші жылдардағы өсуінің арқасында бүгінгі New York қаласы да өркендеп дамыды деуге болады. Бұл туралы оның достары да, халыққа белгілі тұлғалар да айтып бере алады. Себебі дағдарыс алдында тұрған қаладан үлкен қонақ үйлер мен сауда орталықтарын және түрлі ойын-сауық кешендерін ақшан Трамптың бастамасы сол кезде үрейлі көрінгенімен, қазірге сол қалаға барып жатсаңыз, бәрінің о бастан ойластырылып жасалғанны көре алатын едіңіз.

Trump мырзаның билікке келуі, саясатқа араласуы мүмкіндігі жайында бірнеше факторды қарастыруға болады.

Біріншіден, ол – кәсіпкер. Қатардағы емес, әлемдік қаржы нарығында орын бар кәсіпкер. Ақшаның рөлі ең басты қару екенін ескерсек, оның тоқтаусыз өсуі мен АҚШ-қа үлкен пайда әкелуі бірден-бір мысал.

Екіншіден, болжамдардың дәл келуі немесе он шақты жыл бұрын болашақты өзі көрген Trump мырзаның сценарийі негізіндегі оқиғалардың орын алуы. Атап айтқан кезде, 1992 жылы «Один дома» фильмінің екінші кезеңінде «Plaza» қонақ үйінде Kevin мен Trump арасындағы кездесу кездейсоқтық емес.

1989 жылдан бастап көрерменге жол тартқан «Simpsons» мультсериалында Donald Trump туралы бірнеше түсірілім бар. Сол кездің өзінде кәсіпкердің президент болғаны туралы және АҚШ үлкен дағдарысқа ұшырап, сайлауда жеңіліс табатыны жайында да сюжет көрініс береді.

2017 жылы президент Мысыр және Сауд Арабия елдерімен келісімге келеді. Ең қызығы бұл көрініс «Simpsons» мультсериалында 2002 жылы жарық көрген.

Президент қайтадан сайлауға түсу үшін АҚШ-тың сыртқы қарызын қайтаруға және Мексикамен арада қорған тұрғызатынын мәлімдеді. Simpsons мультсериалының болжамы бойынша Trump келесі сайлауда жеңілуі керек-ті. Алайда бәрін уақыт көрсетеді. Егер болжам шын өмірде қайталанар болса, бұл жай ғана мультсериал деп қараудан күдіктену керек. Одан бөлекTrumpмырзаның да президент болуы кездейсоқтық болмайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61