Қоғам

Веб-камера арқылы сізді бақылап отырғанын қалай білуге болады?

"Цифрлық платформы" компаниясының бас директоры Арсений Щельцин төмендегідей кеңес береді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы РИА Новостиге сілтеме жасап ұсынбақ. 

"Прайм" агенттігінің мәліметінше, веб-камера арқылы сізді біреу бақылап отырғанын бірнеше әдіспен білуге болады.

Біріншіден, құрылғы интернетке қосылған кезде оның жылдамдығының төмендеуі.

Екіншіден, онда сіз орнатпаған бағдарламалардың болуы. Олар автомат түрде веб-камера қосымшасын іске қосуы мүмкін.

Осыған байланысты сарапшы бірнеше кеңес берді.

Арсений Щельциннің айтуынша, телефонды жатын бөлмеде, әрі жуынатын бөлмеде пайдаланбаған дұрыс.

Сонымен қатар, компьютердегі антивирус бағдарламалардың дұрыс жұмыс істеуін бақылап тұрыңыз. Оның жаңа нұсқасы шыққан кезде жаңартып отыру керек.

Щельцин қауіпсіз веб-камераны пайдалануға кеңес береді. Мысалы, онда "қақпақтың" болуы керек. Бұл веб-камераны рұқсатсыз пайдалануға жол бермейді.