Әлем жаңалықтары
Әзірбайжан президенті соғысты тоқтатуға дайын, тек бір шарты бар.
Ол үшін Армения өз әскерін “окуппациялық аймақтардан” алып кетуі тиіс.
Ильхам Әлиев бұған дейін Армения премьер-министрі басып алынған аймақтарды босатса соғыс әрекеттерінің тоқтайтынын бірнеше мәрте айтып келген екен. Бұл туралы басшы La Repubblica газетінің журналисіне берген сұхбатында айтты. Сұхбат Baku TV-ның YouTube арнасында жарияланды.
“Соғыстың ерте аяқталғаны бәрімізге тиімді. Біз осындай сындарлы ұсыныс жасадық. Осы уақытқа дейін қайталап келдім, тағы айтамын, егер Армения премьер-министрі қалған аймақтарды босату жауапкершілігін өз мойнына алса, біз соғсты бүгін тоқтатуға дайынбыз. Ол әзірге мұндай міндетті орындауға қауқарсыз секілді”, - деді Әзірбайжан президенті.
Президенттің айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесінің шешіміне әрі принциптарға сәйкес, Армения алдымен бес, кейін тағы екі аймақты босатуы тиіс.
“Біз қазірдің өзінде 4 ауданды біржақты босаттық. Сол себепті ол өз әскерін Агдам, Кяльбаджар, Лачин аудандарында қалған окуптардан өз әскерін шығаратынын мәлімдеуі тиіс. Алайда мәлімдеме жасайын деген Армения тарапы жоқ. Яғни олардың соғысты тоқтататын ойы жоқ”, - деді Ильхам Әлиев.
Бұған дейін Әлиев 200-ге жуық елді-мекеннің жаудан азат етілгенін мәлімдеген.