COVID-19

Қазақстандықтар Covid-19 вирусын қайта жұқтырып жатыр

Covid-19 вирусын жұқтырып, жазылып шыққан адамдарға арқасын кеңге салмауға кеңес берілді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аурудан айыққан соң да барынша сақтанып жүруі тиіс. Себебі қайта жұқтырып алуы мүмкін.

Бұл елдегі қайта жұқтыру дерегі тіркелген алғашқы жағдай.

Жағдай Батыс Қазақстан облысында орын алды. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманов көктем мен жаз кезінде коронавируспен ауырып, жазылып шыққан.

"Ол алғаш рет пандемия басталған кезде ауырып шықты. Кейін тамызда тағы да коронавирус жұқтырды. Екі ретте де пациент стационар жағдайында емделді. Бұл қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтырудың алғашқы жағдайы", - деп хабарлайды "Мой город" басылымы Әбдірахмановаға сілтеме жасап.