Қоғам

Дәрі бағасын қымбаттатқан дәріханаларға айыппұл салынды

Шілденің ортасынан қыркүйектің соңына дейін дәріханаларды тексерудің нәтижесі белгілі болды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда дәрі бағасын негізсіз қымбаттатқан дәріхана ұйымдарына 28,4 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедияровтің айтуынша, қалада шілденің ортасынан қыркүйектің соңына дейін дәріхана ұйымдарында тексеру жүргізілген. 

«Департамент қызметкерлері дәрі бағасын көтергендерге жалпы құны 28,4 млн теңге болатын 156 айыппұл салған. ҚР ӘқбК 424 бабы бойынша рұқсат құжатынсыз фармацевтикалық қызметпен айналысқан субьектілерге жалпы сомасы 305580 теңге болатын 14 айыппұл салынды. Құқықбұзушылықты қайталаған кәсіпкерлер бойынша арнайы мамандандырылған сотқа 8 материал жіберілді. 4 материал заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан субьектілерге қатысты жіберілді. Тағы 2 материал бойынша тіркелмеген дәрілік заттар сатқан кәсіпкерлердің ісі қаралып жатыр»,- деді ол. 

Мұрат Мұхамедяровтің айтуынша, соңғы айда тек бір ғана кәсіпкер дәрі бағасын негізсіз көтерген.