Экономика

Табысқа жеткен жандардың 10 қағидасы

Табысты адамдар жасайтын 10 іс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаржылық табысқа жеткен жандардың табысы - олардың өмір тарихының бір бөлігі ғана. Біз олардың жетістіктерінің артында қателіктер, ауыр жұмыстар, ұмтылыстар мен ізденістер, білім мен ақыл тұрғанын көре бермейміз. Камерасы мен микрофонын ұстаған БАҚ өкілдері олар табысты болмай тұрып асханада жұмыс істегенде, жатақханада тұрғанда арттарынан жүгіріп сұқбат алған емес. Шындық. "Сонда қалай олар табысқа жетті?" деген сұраққа табысты адамдар жасайтын 10 істі көрсетелік.

 

1. Олар жандарына позитивті, ақылды жəне əрқашанда күш беретін, алға ұмтылған жандарды жинайды. "Адамды" ортасы тудырады. 
2. Табысты адамдар өз жолдарына түскенде, мақсаттарын орындауға кіріскенде кірістердің азаюына дайын болады. Сонымен бірге, ақшаны сақтап не инвестициялау, үнемдеу арқылы соңында оны еселетіп пайдаланады. 
3. Олар шағымдарға уақыт құртпайды. Егер келеңсіз жағдай туындаса не басқа жолын іздейді, не оны сабақ деп түсінуге тырысады. 
4. Əрдайым қарыз алған адам жұмыста да,үйде де борышын өтемей, еркін таңдау жасай алмайтындығын біледі.
5. Олар өздерінің бастарына түскен қиыншылықтарға өзгені кінəламайды. Керісінше, өздеріне жəне өздерінің жарқын болашақтарына үлкен жауапкершілік алып, сол жағдайдан ақылмен шыға білуге тырысады. 
6. Ұзақ мерзімді қаржы мақсаттарына назар аударады. Ақшаны бірден жұмсаудың орнына олар ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін қаржылық жоспар жасау үшін уақыт бөліп, осы жоспарларға бейімделе отырып, əрекет етеді.
7. 86% табысты тұлғалар кітап оқығанды, ізденуді ұнатады. Олар білімнің өмірде жəне бизнесте керек дүние екендігін мойындайды. Жетістікке жеткен жандардың 88 %-ы күніне кем дегенде 30 минутын кітап оқуға арнаса, 63%-ы жұмыс пен үй ортасындағы уақыттарын аудиокітаптар тыңдауға жұмсайды.
8. Олар өзгелердің жасаған дүниелерін сатумен немесе қайталаумен айналыспайды. Құндылығы жоғары қызмет түрлерін ұсынуға тырысады. 
9. Ғалымдар зерттеуінше, табысты адамдардың 44%-ы жұмыс басталардан үш сағат бұрын ерте оянады. 
10. Ақшаны өмірдің мəні деп санамайды. Табыстылар табысқа жету үшін тауар алушы əрбір адамды бақытқа бөлеуді, өзгеге жылу сыйлауды басты орынға қояды.

 

Кез-келген дүниені бастарда сенім мен ой өзгерісі керек. Табысты болу үшін осы бағытта сауатты ойлау да сізді биікке шығарады.