Әлем жаңалықтары
Костя Цзю Хабиб Нурмагомедов жайлы өз ойын білдірді
Бокстан жартылай орта салмақ бойынша бұрынғы абсолют чемпион Костя Цзю жеңіл салмақ бойынша UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке «Ресей батыры» атағын беруге қарсы шықты,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы sport24-ке сілтеме жасай отырып.
Депутаттардың бірі Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге өзінің ойын айтып жүгінді.
"Ресей Батыры? Не үшін? Еңбек сіңірген спорт шебері-бұл түсінікті, тіпті талқыланбайды. Ал Ресей Батыры атағы ... мен түсінбеймін. Мен Хабибті және оның жасап жатқан істерінің бәрін қанша құрметтегеніммен, бұл- бір-біріне сәйкес келмейтін заттар", – деді Цзю.
32 жастағы Нурмагомедов қазан айында әкесінің өлімінен кейін бірінші, өзі үшін соңғы жекпе-жегінде американдық Джастин Гэтжиді жеңіп, бірден мансабының аяқталғанын жариялады. Оның есебінде MMA-да 29 жекпе-жекте 29 жеңіс, оның ішінде UFC-де 13 жекпе-жекте 13 жеңіс бар.