Ақмола облысы

Блок бекеттер қайта қойылады

Әуе, теміржол байланысы бойынша шешімді көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті шығарады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көкшетау қаласына кіреберіс жолдарға блок бекеттер қойылады. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды, Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

 «Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес Көкшетау қаласының карантин аумағы периметріне уақытша санитарлық пост қою туралы шешім шығарылған. Егер коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артса, онда биылғы жылғы қарашаның 3-де шыққан №136 қаулыға өзгеріс енгізіледі және Мемлекеттік ведомоствоаралық комиссияның нұсқауына сәйкес облыс орталығы периметрі бойынша блокпостар қойылады» делінген ведомствоның жазбасында. 

Сонымен қатар, ведомстводан атап өткендей, әуе, теміржол байланысы бойынша шешімді көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті шығарады. 

Айта кетейік, қарашаның 3-де Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің өңірде карантин шараларын күшейту туралы қаулысы шыққан болатын.