COVID-19

Дүние жүзінде коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша рекорд тіркелді

ДДҰ мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 47 362 304-ке жеткен және 1 211 986 науқас қайтыс болған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемде бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша рекорд жаңарды, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Bloomberg тілшісіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, әлемде бір тәулікте 9 763 адам коронавирустан қайтыс болған.

Әлем елдерінде коронавирустың өршіп жатқаны айтылады. Мысалы, Германия ішінара локдауны енгізілгеніне қарамастан, бір тәулікте 2 646 адамнан коронавирус анықталған. АҚШ-та бұл көрсеткіш 100 мыңнан асқан.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 48 005 78-ке жеткен. 1 224 111 науқас қайтыс болған.

Ал бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басқа статистиканы келтіреді. ДДҰ мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 47 362 304-ке жеткен және 1 211 986 науқас қайтыс болған.