Әлем жаңалықтары

АҚШ-тағы сайлау: Тарих қайталануы мүмкін бе?

АҚШ-тағы президенттік сайлау мен 2 ғасыр бұрынғы сайлаудың арасында қандай байланыс бар.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тарихшылар АҚШ-тағы президенттік сайлауын 1876 жылы өткен сайлаумен байланыстырып, тарихқа сыр шертіп жатыр,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

2 ғасыр бұрын Демократ Сэмюэл Тилден республикашыл Ратерфорда Хейздың алдын байлап, озып тұрған екен. Жалпы сайлау нәтижесі бойынша Тилден 184, ал Хейз 165 дауыс жинаған. Алайда, бұл оңтүстіктегі штаттардың 20 дауысын қоспағандағы есеп болған.

Қорытындысында қатаңдатылған қақтығыстар нәтижесінде қалған дауыстар республикашыл Хейзға беріліп, 1 дауыс алда болу арқасында жеңіске жеткен.

Кейбір мәліметтер бойынша, Хейз Федералды әскерлерді оңтүстіктен шығаруға және оның істеріне араласпауға келісім беру арқылы оңтүстік штаттарды өзіне дауыс беруге итермелеген делінеді.  Сондай-ақ ол өз қол астына демократтарды аламын дегенін қоса кету керек.

Айта кетейік, соңғы нәтижеде Байден-253, Трамп- 214 дауыс жинап тұр.