Бұл рөлді ойнамаймын!

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Ойнамаймын,
Мен кейіпкер бола алман.
Тазалықтан, ақиқаттан жаралғам.
Маған неге сыйлап тұрсың бұл рөлді,
О тәңірім, тағдырдан кім оза алған?
 
Ойнамаймын,
Қайдан айдап әкелдің,
Қайда айтшы, менің таза мекенім?
Рөлімнен адасқандай күйдемін.
Образға да, еніп көрші демексің.
 
Ойнамаймын,
Бұл кейіпкер жат маған.
Сонда не деп, қалаймын деп ақталам?
Жаным қалап жатыр мөлдір тамшыны,
Лайланған өзен суы бола алмайм(ын).
 
Ойнамаймын,
Қайтарыңдар өзімді.
Жөндеп алам, бұзылса да көшімді.
Жаным ардың садағасы емес пе,
Жоғалтпашы, жоғалтпайын ӨЗІМДІ.
 
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін