Әлем жаңалықтары

"Не деп қойды?" АҚШ-тың ірі арналары Трамп сөйлеп жатқан эфирді тоқтатты

Трамп сайлау барысындағы "заңсыздықтарды" түсіндірмек болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ірі әрі танымал американдық телеканалдар қазіргі президент Дональд Трамптың тікелей эфирдегі пресс-конференциясын тоқтатып тастады,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Бір жарым тәулік бойы халық алдына шықпаған Дональд Трамп пресс-конференцияда көпшілікке мәлімдеме жасаған болатын. Ол Ақ үйдегі өз сөзін «егер де барлық заңды дауыстарды жинайтын болсақ, менің жеңіске жетуім сөзсіз деп бастады.


Алайда американдық MSBNC, NBC, CBC  және ABC News сияқты ірі телеарналар тікелей эфирді уақытынан бұрын тоқтатып тастады.

«Біз қайта ыңғайсыз жағдайдамыз, президент эфирін тоқтатып қана қоймай, жөндеуге де мәжбүрміз»,- деді MSNBC телеканалының жүргізушісі  Брайан Уильямс.

«АҚШ президентінің айтқандары іс жүзінде болып жатқан жоқ»,- деп жазды өзінің Twitter парақшасында CNBC телеканалының жүргізушісі Шепард Смит және Трамптың тікелей эфирдегі сөзінің видеосын жүктеп қойды.

Тағы бір эфирді тоқтатқан USA Today газеті де Twitter парақшаларында  «Біздің міндетіміз- негізсіз теорияларды емес, шынайы ақпаратпен бөлісу» деп жариялады.